А.Тихоненко атындағы орта жалпы
білім беретін мектебі
Аудандық
«Жас дарын» байқауы
Жұмыс
бағыты: «Жаратылыстану - математика»
Тақырыбы: Ақ қайың
сөлі
Авторы:
Кулова Асылзат
Сыныбы: 3
«б»
Жетекшісі:
Баймурзилова Айжан Әбілғазықызы
2010 – 2011
оқу жылы
Аннотация
Бұл еңбекте «Ақ қайың» ағашының түрлері
оның қасиеті, қайыңнан алынатын нәрселердің шаруашылықтағы маңызы қайыңның сөлі
оның пайдасы, емдік қасиеттері туралы зерттеулер жазылған.
Жұмыс жоспары
І. Кіріспе.
1. Қайың –
сымбатты ағаш
2. Жыр
арқауы – ақ қайың
ІІ. Зерттеу
бөлімі
1. Ақ
қайыңның «Көз жасы»
2. Шырын
құрамы
3. Емдік
қасиеті
4.Сақталуы
және өңдеу
5. Дәрігер
кеңесі
ІІІ. Нәтиже
Шығармашылық
құндылығы
ІV.
Қорытынды
І. Кіріспе.
1. Қайың –
сымбатты ағаш
Маған
осы тақырыпты алуға не түрткі болды, оған себеп бірде анам базардан шырын алып
келді. Шырынның қорабының сыртындағы жазуды оқып көрсем, «қайың шырыны» деп жазылған. Мен алма, шие, алмұрт,
қызанақ, жүзімнен шырын жасалатынын білемін, ал кәдімгі қайың ағашынан шырын
қалай алынады, оның қандай қасиеті бар екені мені қатты қызықтырды. Сондықтан қайың
ағашы туралы білгім келіп, ата – анамнан, достарымнан, ұстазымнан сұрап
жұмыстана бастадым.
Қайың
– сымбатты ағаш, ұшар басы
үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі.
Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған
гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр
қайың тоғайы – ол бір ғажап сурет!
Қайың
- тез өсетін ағаш. Ширек
ғасыр ішінде, әсіресе дымқыл
топырақта,биіктігі бес қабат үйдің
биіктігіндей болады. Жаздың жылы
кезінде тәулігіне қырық шелекке
дейін
ылғал тартады.
Жаз кезінде қайың тоғайын
аралау
қандай ғанибет десеңші!
Оған күн
сәулесі жақсы түседі, кіршіксіз таза,
мөп – мөлдір ауа да сонда.
|