Жалпы
қайың ағаштары бірнеше түрге бөлінеді Ақ қайың, қотыр қайың, сүйелді қайың.
Мұның бәрі – қайың тұқымдасына жататын ағаштар.
Оның шаруашылықтағы маңызы қайыңды ормандар желден жақсы қорғайды,
қар тоқтатады, басқа ағаштарға қарағанда өртке төзімді, топырақты
құнарландырады. Ол бұтақтарынан сыпырғыш, жұқа қабығынан себет, әртүрлі ыдыстар
тоқиды екен.
2. Жыр
арқауы – ақ қайың
Сыланған
сұлу ақ қайыңдар талай ақын – жазушылардың өлең жырларына арқау болған. Атап
айтатын болсақ, Ф.Оңғарсынова, М.Мақатаев өлеңдерінен көруге болады.
Ақ қайың, сырлы қайың,
арман қайың,
Ақ қайың,
арман қайың, тарлан қайың!
...Артына
композитор қарай берді,
Асылы сенде
бұғып қалғандайын.
М. Мақатаев
Ерке
өзендер жатпайды тасып ағып,
Таулар да
тұр жамылып басына бұлт.
Ақ қайыңдар
жылайды жапырағын,
Байқаусызда
шашып алып.
Ф. Оңғарсынова
ІІ. Зерттеу
бөлімі
1. Ақ
қайыңның «Көз жасы»
Ақ қайың "көз
жасы” дегеніміз - оның сөлі.
Мамыр және маусым
айларында ақ қайыңның қабығын
пышақпен тілсе шырын ағады.
Ол үшін әуелі тілікке
сыятындай алюминий немесе
пластмасса ыдысты алдын – ала
дайындап алу керек. Қазақта мұны "
қайың сауу " деп атаған.Қазақтың атақты
күйшісі Байжігіт "Қайың
сауған” атты тамаша күй
шығарған. Ел басына күн
туып, жұрт жаппай
ауыр індетке ұшырағанда,
бір балгер халықты
жинап, қайыңның шырынын жинауды,ол шырынды дертке
дауа ретінде ішуді үйретеді.” Сөйтіп, бір ауыл халқын қайыңның сөлі ажалдан
алып қалған екен”
деген аңыз бар.”Қайың
сауған ақ тышқан
жылы " аталып кеткен
атақты 1723 жылғы
"Ақтабан шұбырындағы” жұт
кезінде жұрт қайың ағашының
қабығын сыдырып, бетіндегі
желімін жегендіктен жыл
"қайың сауған” деген атаққа
ие болған. "Қазақ қайың
сауғанда, қырғыз Ғиссар
ауғанда” деген мәтел тарихи
жағдайға байланысты шыққан.
Қайың сөлі - аса пайдалы сусын. Оның дәмділігі, шөл
қандырар қасиетін былай қойғанда әртүрлі ауруларға қарсы шипалық қасиеті бар
екен. Қайыңың сөлін қалай алуға болатындығын білдім.
v Ақ
қайыңнан тәулігіне 2 – 3 литр
шырын жинауға
болады.
v Аса
ірі қайыңдар тәулігіне 7
литрге
дейін шырын
береді екен.
v Қайың
" сауғанда” кәрі, жас қайың
дарға
тиісуге болмайды.
2. Шырын
құрамы
Қайың
шырынының құрамында кальций, магний, мырыш және темірдің көптеген қатарлары
бар. Көктемгі шырын құрамында 20 пайызға
жуық қант болады, одан тәтті сусын дайындалады.
3. Емдік
қасиеті
Халық емшілерінің
айтуынша өкпе
қабынған, жөтелген, сырқат адамдарға
қайың шырынын ішкізіп жазған.
Тек өкпені ғана емес, жазылмай
жүрген жараны, буын ауруларына
қолданады.
Қайың
шырыны медицинада қан
аздыққа, сулы ісікке, қышыма, бүйрек,
көз ауруларына қарсы пайдаланылады,
сонымен бірге асқазан, бауыр, бронхит,
жөтел, бас ауруларында ем ретінде
қолданады.
4.Сақталуы
және өңдеу
Ақ қайың
шырынын жақсы сақталуы үшін оны бөтелкеге құйып, оған 2 шай қасық қант қосып,
қараңғы мұздай жерде сақтау керек. 1 литр қайың шырынына 125 грамм қант пен 5,5
грамм лимон қышқылын қосып, банкіге сүзіп құйып, бір қайнатып алу керек. Емдік
шипасы болу үшін мұздатқышта екі күннен артық сақтауға олмайды.
5. Дәрігер
кеңесі
Қайың шырынын күніне 1 стаканнан үш рет ас алдында
ішу керек.
ІІІ. Нәтиже
Шығармашылық
құндылығы
Шырын
сөлі адам денсаулығы
үшін табиғи дәрі
екендігі дәлелденді. Ақ қайыңның
шырынынан дайындалған тәтті сусындардың
тіс ауруын болдырмауға таптырмас ем екендігі анықталды. Құнды косметикалық заттар
алынатындығы,. күйзеліс үстіндегі адамның ұйқысыздығы жойылып, шаршағаны
басылып, жүйке жүйесі жақсаратындығы
тәжірибе арқылы анықталды.
ІV.
Қорытынды
Қайың шырыны адам ағзасына
таптырмас ем.
Қайың
шырынының пайдасы туралы оқып білгеннен кейін, үй – ішімізбен қайың шырынын пайдаландық.
Бір ай көлемінде қайың шырынын ішкеннен кейін, әжем маған «Шынында да менің
ұйқым қалыпқа келіп, бұрынғыдай шаршамайтын болдым. Буын аурулары мазаламайтын
болды». Осыдан кейін менің қайың шырыны адам денсаулығына көп пайда
келтіретініне көзім жетті. Шырынның пайдасы зор екенін білдім.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құлжанова Н.А, Құрманова С. Е,
Садырбекова Н.Қ. "Батыс
Қазақ облысының өсімдіктері
мен жануарлары”
2. Дарбаева Т, Отаубаева А,
Цыганкова Т. "Батыс Қазақстан
облысының өсімдіктер әлемі” Орал 2003.
3. Жақыпов Б.Ө. "Қазақстан табиғаты” ІІ том, Алматы 2009.
4. " Ол кім Бұл не” энциклопедиясы
|